КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» акциясына ерекше маңыз берілгені белгілі. Бұл бастама – бүгінгі өмірден, яғни республикамыздың жер-жерінде жүзеге асырылып жатқан жарқын істердің жүзеге асуынан алынған. Өткен жылы біздің облысымызда және ауданымызда алғаш рет «Көркейе бер, Қостанай!» және «Көркейе бер, Аманкелді!» атты акциялар өткізіліп, олар өз жемісін бергені жерлестерімізге кеңінен белгілі. Екі шара бойынша да көптеген істер атқарылды.DSC_0051Соның ішінде Аманкелді ауданында 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығын атап өтуге байланысты үлкен шаруалар тындырылды. Бұл шаруалардың жасалуына ауданымыздың өзінде тұратын іскер азаматтар мен сыртта жүрген қалталы перзенттері көп үлес қосты. Атап айтар болсақ: өткен 2016 жылы 27 шілде күні ауданда «Аманкелді» қорына қаржы құюға байланысты алғаш рет құқықтық және заңдық негізде меморандумға қол қою рәсімі өткізілді. Біле-білсек, бұл – тарихи оң қадам еді. Аудан әкімдігімен, шаруашылықтармен және кәсіпкерлермен 3 жақты меморандумға қол қоюға барлығы 321 шаруа қожалығы қатысты. Мұның ішінде 49-ы егін шаруашылығымен, 200-і мал шаруашылығымен, 72-сі сауда және басқа да салалармен айналысатын кәсіпкерлер болатын. Нәтижесінде, «Аманкелді» қоғамдық қорына – 57 457 005 теңге құйылды. Егін шаруашылығынан – 28 309 208 теңге қаражат түсті. Мұның ішінде – 1 000 000 теңгеден 6 000 000 теңгеге дейін қаражат құйған шаруашылықтарды атап өтер болсақ, олар: «ЖеңісБЕК» ЖШС-і – 3 600 000 теңге, «Нәмен» шаруа қожалығы – 6 000 000 теңге, «ЖААН 2» шаруа қожалығы – 2 000 000 теңге, «Виктор» шаруа қожалығы – 918 000 теңге, «Жаңбыршин Б» шаруа қожалығы – 1 046 000 теңге, «Шайхин» шаруа қожалығы – 2 000 000 теңге, «Табыс» ЖШС-і – 1 816 000 теңге, «Ильяс» шаруа қожалығы – 1 200 000 теңге, «Шерхан» шаруа қожалығы – 1 104 000 теңге, «Олжа» шаруа қожалығы – 930 000 теңге салып, қомақты үлестерін қосты.DSC_0041Сол секілді мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарынан  2 570 000 теңге, кәсіпкерлерден – 1 532 000 теңге, аудан мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің 1 күндік жалақыларынан 4 442 797 теңге түсті. Ауданның сыртта жүрген қалталы азаматтарынан  20 600 000 теңге қорға құйылып, олар да ауданымыздың көркеюіне өздерінің лайықты үлестерін қосты.  Бұл тарапта М.Айдаболов, Ж.Түбекбаев, А.Ахметов, Н.Байзиров, С.Нұрғалиев сияқты сыртта жүрген іскер азаматтарымыздың әрқайсы қорға – 2 000 000 теңгеден қаржы құйды. Осылардың ішінде, әсіресе, іскер азамат Батыр Сейкеновтің ерекше үлес қосқанын атап өткен өте орынды болар еді. Батырдың бір өзі «Аманкелді» қорына – 10 950 000 теңге құйып, ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған тойдың өз дәрежесінде өтуіне ерекше ықпал жасай білді.
Ел азаматтарының қолдауымен Аманкелді селосындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның сырты қайтадан қоршалып, көрермендерге арналған пластикалық орындықтар орнатылып, оған барлығы – 10 079 000 теңге қаражат жұмсалды. Үрпек ауылдық округінде – 5 740 000 теңгеге клуб жөнделіп, іске қосылды. Аудандық мешітке – 517 000 теңге (қордың сыртында Қаби Жармағанбетовтің ұрпақтары 2 000 000 теңге қаражат берді) және 207 000 теңгеге Амантоғай ауылдық округінің су құбыры жөнделді. 3 033490 теңге аудан орталығындағы А.Иманов мұражайын жөндеуге және жабдықтарын алуға жаратылды. Аудандық білім бөлімінің сұранысына орай «Шұғыла» жастар орталығы және Аманкелді батыр ескерткішінің сырты қоршалып, су бұрқағын жөндеуге – 1 070 000 теңге, Ә.Боранбаев атындағы мектеп-интернатқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін сметалық-жобалық құжат дайындалып, барлығы 4 944 696 теңге қаражат жұмсалды.DSC_0048Аманкелді селосын көркейту үшін және ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығын тойлауға дайындық жұмыстарын жүргізуге байланысты барлығы – 7 793 952 теңге жаратылды. Мұның ішінде Аманкелді селосының А.Байтұрсынов көшесіне темір қоршаулар жасап, орнатуға  – 2 900 000 теңге жұмсалды. Көшелерде жалаушалар ілетін тұғырлар, ағаш қоршаулар жасалып, мерекеге орай паннолар,  гүл-шарлар қойылып, ипподром жөнделіп, басқа да дайындық жұмыстары жасалды. Той өткізуге байланысты концерттік бағдарламаға сахна тұрғызылып, республикадан өнер жұлдыздары шақырылып, арнайы отшашу, ақындар айтысы және басқа да шаралар ұйымдастырылды. Бұларға барлығы – 5 236 400 теңге бөлінді.
Спорт саласында да үлкен жұмыстар атқарылды. Күрестен, ат спортынан республикалық дәрежеде жарыстар өткізіліп, оған демеушілік жасалды. Күрес пен ат бәйгелеріне 1-3 орындарға жүлде тігіліп, 9 500 000 теңгеге – 3 жеңіл автомашина, 525 000 теңгеге – мотоцикл, 282 980 теңгеге тұрмыстық заттар сыйланды. 2016 жылы қор бойынша барлық жұмсалған қаражаттың көлемі – 55 870 177 теңгені құрады.
Бұл жұмыстарға туған елдің, яғни Аманкелді ауданының елде және сыртта жүрген іскер азаматтарының барлығы дерлік лайықты үлес қосты. Сондай-ақ ауданда тұратын қарапайым халық та өздерінің көмектерін жасай білді. Бұл – сонымен қатар, бірлігі мен ынтымағы жарасқан батыр атындағы аудан халқының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруының нәтижесі болды.
Ерекше атап өтетін жәйт – осы жұмыстарды ауданның жаңа әкімі Нұржан Өтегенов іскерлікпен, тиянақтылықпен ұйымдастыра білді. Ол ауданға әкім болып келгенде (5 шілде 2016 жыл) қорда қаржы болған жоқ еді. Алайда, Нұржан Қайыржанұлы ауданда алғаш рет құқықтық негізде ашық әрі жария түрде меморандум ұйымдастырып, қорға қаржы құюға ауданның барлық азаматтарын жұмылдыра білді. Нәтижесінде, жоғарыда атап өтілген қаражат жиналды. Сол қаражаттың арқасында аудан орталығы және бірқатар ауылдық округтер көркейіп, кемелденіп шықты.
 
2
2017 жылдың 22 сәуірі күні сағат аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласынан туындайтын міндеттер және өткен жылдың нәтижелері қортындыланып, алда тұрған міндеттер белгіленді. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Т.Т.Карбозов баяндама жасады.
Баяндаманы талқылауға іскер азаматтар С.А.Ахметов, В.Д.Кравец, Т.Ғ.Ахметов, Б.Ә.Саматов, Ж.Нәменов сөз сөйлеп, өздерінің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыда аталған бағдарламалық мақаласы негізінде жасалған  «Көркейе бер, туған ел!» акциясын қолдайтындықтарын және «Аманкелді» қорына қаржы түсіру үшін меморандумға қол қоятындықтарын мәлімдеді. Нәтижесінде, биылғы меморандумға 31 іскер азамат қол қойды. Егер ауа райы қолайлы болып, егін бітік шықса, жоба бойынша меморандумға қол қойғандар аталмыш қорға – 30 637 200 теңге қаржы құймақ.
            Биылғы жылы аудан бойынша төмендегі жұмыстарды жасауға бюджеттен:
  • Амантоғай және Үрпек ауылдарында ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта құрылымдауды жүзеге асыруға – 493 175 000 теңге, жалпықұны 1 млр  117 млн 025 мың теңге;
  • Әулиекөл-Жалдама тасжолының Аманкелді ауданы бойынша жол бөлігінің жөнделуі – 329,0 млн теңге;
  • Амантоғай ауылын абаттандыруға – 25,0 млн теңге;
  • Тасты ауылындағы орта мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге – 18,0 млн теңге;
  • Ә.Боранбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға – 8,0 млн теңге қаржы қаралып отыр.
Ал «Көркейе бер, туған ел!» акциясы негізінде тартылған қаражат есебінен биыл «Аманкелді» қоғамдық қоры төмендегі іс-шаралар жоспарын жасады:
  • Республикалық деңгейде өтетін Кейкі батыр есімін ұрпаққа мәңгі қалдыру мақсатында өтетін іс-шараларға (бәйге, көкпар, ақындар айтысы, кітап шығару);
  • Кейкі батыр кесенесін салуға (облыстық деңгейде 88,0 млн теңге қаражат тартылады деп күтілуде);
  • Есір ауылында клуб ғимаратын жөндеуге – 11,0 млн теңге;
  • Үрпек ауылында балалар ойыны алаңын салу – 1,0 млн теңге;
  • Аудандық мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 7,0 млн теңге;
  • Мектептерде жылыдәретханалар жасауға – 8,0 млн теңге;
  • Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне – 3,4 млн теңге;
  • Ақсай ауылын абаттандыруға – 350,0 млн теңге;
  • Үштоғай ауылында клуб ғимаратын жөндеуге – 1,0 млн теңге;
  • Тасты орта мектебін жөндеу жұмыстарына – 3,5 млн теңге;
  • Қарасу орта мектебі мен «Шұғыла» жастар орталығына – 1,0 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл жұмыстарды атқаруға барлығы 36,2 млн теңге қаржы тартылады.
Жиналысқа қатысқандар бюджеттен және тартылған қаражаттан бөлінетін ақшаға аудан бойынша көптеген жұмыстар жасағалы отырғанын біліп, өздерінің жүрекжарды сөздерін айтты. Солардың бірі әрі жасы үлкені, әрі кезінде Аманкелді ауданының әкімі болған Сабыржан Ахметұлы еді. Ол: 
  • Мен аудан әкімі Нұржан Қайыржанұлының жүргізіп отырған жұмысын толық қолдаймын. Бұл азаматтың іскерлігінің арқасында өткен жылы Торғай ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді. Биыл да қыруар шаруа жүзеге асатынын көріп, қуанып отырмын. Жалпы Нұржан іскер де білімді азамат. Оның әсіресе, Кейкі батыр атамыздың басының салтанатты жерленуіне байланысты жасап отырған жоспары да көңіл қуантады. Өз басым Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдап, туған жер акциясы негізінде басталып отырған меморандумға 960 000 теңге қаржы құямын және осы жиналысқа қатысып отырған ауданның барлық кәсіпкерлері мен сыртта жүрген азаматтарын үлес қосуға шақырамын! – деді.
Оның сөзін жиналғандар бірауыздан қолдады.
Осылайша, Аманкелді ауданының іскер азаматтары облысымыз бойынша биыл да бірінші болып, меморандумға қол қойып, «Көркейе бер, туған ел!» акциясын өткізуге кірісіп кетті.
Алда басқа да іскер азаматтармен, шаруа қожалықтары басшыларымен, сауда саласында жұмыс жасап жүрген бизнесмендермен және басқа да сала қызметкерлерімен жұмыс жүргізілмек.
Жиналысты аудан әкімі Н.Қ.Өтегенов қортындылап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын бір ауыздан қолдап, нақты іс жасауға кіріскен аудан азаматтарына алғысын білдірді және алдағы уақытта Президент мақаласында көрсетілген міндеттерді орындауға барша аманкелділіктердің лайықты үлес қосатындықтарына сенім білдірді.
 
Р.S: «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» – Қазақ Елінің Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың – ұлтымыздың алдында тұрған басты міндеттерді көрсеткен аса құнды еңбек! Бұл – туындының Алаш қозғалысы мен Алаш-Орда автономиясының және Октябрь Революциясының 100 жылдықтары қарсаңында жариялануының маңызы өте зор! Алаш қозғалысы – кезінде Ұлтымызды ұлы көшке қосуды ниет етсе, Октябрь революциясы – Азаттығымыз бен Тәуелсіздігімізді толық алуға, дербес мемлекет болуымызға жол бермеді. Большевиктер өздерінің нені көксегендерін көрсетті. Сөйтіп, өзге ұлттардай біз де коммунистік-кеңестік түпкілікті отарлауға түстік. Оның нәтижесі баршаға белгілі…
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы осы мақаласында мемлекет иесі Қазақ ұлтының енді ХХІ ғасырда өз жолымен дамуы керектігін алға қойып отыр.
  • Бізді сырттан келіп, өзгелер дамытпайды. Қазақ елін дамытатын да, өркендететін де – Өзіміз! Ұлт болып ұйысып, ұлы міндеттерді жүзеге асыратын да- Өзіміз! – деді.
Аталмыш мақала  – Аманкелді ауданының халқына да үлкен ой салып, оларды ерекше рухтандырып, қанаттандырып отыр. Олардың бойында ұлттық жауапкершілікті сезіну бар; Елбасымыздың ұстанымына деген сүйіспеншілік және осыған сай іс жасау жігері бар!
Ия, аудан халқының алдында биыл да үлкен міндет тұр.  Батырлар елі бұл жолда да өзінің бірлігі мен ынтымағын, іскерлігін көрсетеді деп білеміз!
Хамитбек МҰСАБАЕВ.
Суреттерде: Аманкелді ауданы әкімі аппаратында «Көркейе бер, туған ел!» акциясына байланысты меморандумға қол қоюдан көріністер.
Суреттерді түсірген Әнет ЖҰМАБЕК.
Аманкелді ауданы.

You may also like...

1 Response

  1. Жаке айтты:

    Жарайсындар, жерлестерим! Хамитбек агага риза болам. Еринбей цифрларды калай жазып шыгады екен. Бар аудан осылай жиналган акшанын кайда не ушин жумсалатынан хабардар болып отырса, жемкорлыктын не екенин билмес ед. Кисиликти де кишиликти де Хамитбек агадан уйрену керек казирги жастарга. Талантты акын, дарынды журналист болса да карапайым киси. Торгайда турып алып,  ел ишинде елдиктин сакталуына ыкпал етип отыр бир ози. Аман болш, ага

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓