От тепловоздан шықты

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 тамызда Қарабалық ауданы Новотроицк ауылынан 5 шақырым жерде өрт шықты. Темір жол төсемінің бойындағы ағаш өртенген. Құрбан болғандар, зардап шеккендер және елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрт сағат 21-30-да сөндірілген. Болжам бойынша,тілсіз жаудың белең алуына тепловоз мұржасынан шыққан ұшқын себеп болған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓