Жастар фестивалі басталды
Қостанайда дәстүрлі «Жастар күні – 2015» фестивалі басталды. Аталмыш іс-шара
биыл бес күн тойланбақ. Яғни, 24-28 маусым аралығында облыс жастарына арналған көңілді шаралар ұйымдастырылады.«Жастар күні-2015» фестивалі шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған. Іс-шараның алғашқы күні, 24 маусымда облыстың аудан, қалаларында «Мейірімділік апталығы» акциясы басталды. Сондай-ақ веложарыс пен тақырыптық квес өтеді. Ал екінші күні, 25 маусымда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен шағын-футбол турнирі ұйымдастырылады. Үшінші күні, 26 маусымда «Хинди» бояулар марафоны басталады. Төртінші күні, 27 маусым спорттық сайыстарға арналып отыр. Дәл осы күні облыс орталығында XI Дельфий ойындары салтанатты түрде ашылады. Фестивальдің соңғы күні қалалық жағажайдағы гала-концертпен аяқталмақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА