Астанада жастар съезі басталды
Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының III кезектен тыс съезi ашылды.Оған республиканың әр аймағынан 2 мың делегат қатысуда. Қостанай облысынан 60-тан аса жас қатысып жатыр. Съездің алғашқы күнінде "Жас Отан" Жастар қанатының 2012-2015 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы айтылды. Сондай-ақ "Жас Отанның" 2020 жылға дейiнгi "Жастар-Отанға!" Бағдарламасы қабылданды. Съездiң екiншi күнi жастар форумымен жалғаспақ.
Қымбат Досжанова
Астана қаласынан