Иісшіл ит 10 келі есірткіні тауып берді
«Қайрақ-авто» шекаралық бақылау бөлімі еларалық есірткі тасымалының жолын қиды. Бұл жолы қос тәжікстандық азамат Душанбеден Самараға наша алып өтпек болды. «Опель Астра» автокөлігіне мұқият тығылған есірткі тіміскішіл иттің тұмсығынан жасырына алмады. Күдік тудырған көлікті бастан-аяқ тінту барысында, темір қаңқасы астынан астыртын қуыстар табылды. Әрине, бос емес. Бірнеше ақ ұнтақ тәріздес заттар нығыздалған қалташалар тәркіленді. Алдын ала болжамдар мұның героин екенін алға тартады. Анық-қанығын сараптама нәтижесі көрсетпек. Тәркіленген есірткілердің жалпы салмағы – он келіге жақын.
Айыпкерлер тергеу изоляторына уақытша қамауға алынды.
Жандос Жүсіпбек