Сенбілікке ешкім келмеді

Қарасу ауылында «Таза жағалау» шарасы жылда өтеді. Өзен сағасын қоқыстан тазалау ісіне оқушылардан бастап, ауылдың қарапайым тұрғындарына дейін білек сыбанатын. Дәстүрлі шараны биыл аудандық әкімдік жанындағы жастар бастамалар орталығы ұйымдастырды. Алайда, өкінішке қарай, осы жолы ешкім төбе көрсетпепті.Карасу
Ұйымдастырушылар тазалық шарасының сағат үште басталатынын алдын ала жария еткен-ді. Күн ілгері жергілікті баспа бетінде, «В контакте», «Одноклассники» желілері арқылы шараның өтетін күні, уақыты айтылған. Қарасу ауылшаруашылық колледжі студенттеріне де құлаққағыс етіліпті. Нәтижесінде, келісілген уақытта, келісілген жерде үш ұйымдастырушыдан басқа жан баласы көрінбеген.  Алайда аудан әкімдігі қоқыс шығаруға арнайы машина бөліп отырған соң бастамашылардың өздеріне бел бүгіп, тер төгулеріне тура келіпті.
Ауыл тұрғындары шараға беймаралдық танытса да, айналаны ластамауға тырысса екен дейді ұйымдастырушылар. Шынында да, тазалық – жиналған жерде емес, шашылмаған жерде.
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓