WhatsApp арқылы байланыса алады
Енді кез келген кәсіпкер заң бұзушылықты байқаса, өзінің құқығы тапталса, облыстық прокуратураға әлеуметтік желі арқылы лезде шағым түсіре алады. Енді кез-келген кәсіпкер WhatsApp қосымшасы арқылы 8 771-697-97-63 байланыс нөміріне арыз-шағым немесе ұсыныс-тілектерін қалдыра алады. Онымен қатар бұл байланыстарға олар құқық бұзушылықтарды бейнетаспаға түсіріп, жолдауға болады. Аталған байланыстар тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры А.Сыздықовтың айтуынша, бір айға жуық уақыттың ішінде бір хабарлама келіп түскен. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қостанай филиалының жеке кәсіпкерге техникалық шарттарды негізсіз бермеген. Прокурорлардың араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кез келген кәсіпкер осы айтылған нөмір мен адрес бойынша өздеріне көрсетілген қысым, кез-келген салада орын алған құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша өздерінің арыз-шағымдарын жеткізе алады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ