Департамент басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссия мен Қазақстан Республикасының Премьер министрі облыстар, Астана мен Алматы қалалары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро аумақтық департаменттерінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшыларын тағайындауды келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ұлттық бюросының төрағасы Қ.П.Қожамжаровтың 2016 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен барлық аумақтық бөлімшелер басшылары тағайындалды. Бұйрыққа сәйкес ведомствоның Қостанай облысы бойынша департаментін Данияр Үсенов басқарады.