Қайтарымсыз қаражат тоқтатылады

 
Бұдан былай Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қалалардағы сумен қамту мен су бұру жүйесіне бөлінетін қайтарымсыз трансферттер болмайды. Керісінше, 2016 жылдан бастап республикалық бюджеттен қайтарымды түрде қаржы бөлінетін жаңа жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы дүйсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов айтып, өңіріміздегі осы және басқа да әлеуметтік-экономикалық  жағдайға тоқталды.df687d555f76f3eee09bdfbfd8c7f57be46961c3
– Биыл облысымыздағы елдімекендердің сумен қамту мен су бұру жүйесіне 4,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат негізінен өткен жылы басталған жұмыстарды аяқтау мақсатында қарастырылып отыр. Салынып жатқан 12 нысанның сегізі биыл, қалған төртеуі алдағы жылы аяқталмақ.
Сондай-ақ, биыл инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру да өткен жылғыдан 13,2 млрд. теңгеге аз, яғни, 23 млрд. теңгені құрап отыр. Қазір салалық министрліктерде 2016-2018 жылдарға арналған серпінді жобаларды, соның ішінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың жобасын қорғау жұмыстары жалғасуда. 2016 жылға жасалған өтінімдерден әзірге тек баспана кезегінде тұрғандарға үй салу жөнінде 1 жоба және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізу жөнінде 5 жоба қолдау тапқан. Айтпақшы, өңірімізде кезекте тұрғандарға, жалға және несиеге алушыларға арналған көп қабатты үйлердің құрылысында да түйткіл жоқ емес. Мәселен, Қостанайдың №3 мектеп ауданындағы көп пәтерлі баспана тобының салыну мерзімінде кешігушілік бар.
Ғ.Нұрмұхамбетов денсаулық саласына да тоқталды. Биылғы жылы Федоров, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының елдімекендерінде дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Ал Қостанай қаласында 300 орынға арналған облыстық онкологиялық диспансер құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Десе де, әлі де түйткілдер бар. Атап айтқанда, медициналық құрал-жабдықтармен қамту мәселесі тұр. Жоба 2011 жылы әзірленгенімен, құрал-жабдықтардың басым бөлігі моральдық тұрғыда ескірген әрі түзетуді қажет ететін жобаға өзгеріс енгізбесе болмайды.bpicturepicture_4601210728884_29388
Облыс әкімі Нұралы Садуақасов инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен қатар, олардың арасындағы тығырықта тұрғандарын жергілікті билік ерекше қадағалауға алу керектігін айтты. Мәселен, Федоров, Денисов аудандарында су құбырын тарту жұмыстарында түйткілдер бар. Аймақ басшысы аудан-қалалардың әкімдері осындай мәселелерді өздері шешу керектігін жеткізді.     
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓