ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖҰМСАЛАУДА

  Осы аптада облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов тілшілермен кездесті. Жиын дәстүрлі түрде облыстық баспасөз клубында өтті. "2015 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" тақырыбында баяндама оқыған Ерлан Махмұтұлы жорналшылар қойған маңызды сұрақтарға жауап беріп отырды.

IMG_2285

            Жыл басынан бері жалпы облыстағы өндіріс 246 млрд.теңгенің өнімін шығарған. Экономика саласының дамуында айтарлықтай артта қалушылық жоқ, ал "әттең-ай" дейтін тұсымыз тау-кен өнімдеріне деген сұраныстың 62 млрд. теңгеге қысқаруы болып отыр. Ерлан Спанов осы жағдай алдағы уақытта даму жолына бет бұратын болады деді. Себебі, осы жылдың 17 шілдесінде аса көлемді (1 млн. тонна жүк таситын) теміржол бағыты іске қосылды.
            Ауыл шаруашылығына бөлінген бюджеттік жоспар орындалып келеді. Шаруашылыққа қажетті 206 трактор, 74 комбайн қосымша сатып алынды. Сондай-ақ,биылғы егін жинау науқаны уақытылы жүргізіледі. Оған 27 мың жүк көліктері қатысады деп күтілуде. Қазірге дейін 160 шағын кредит бөлінсе, 100 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып шықты.
            Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша облыста 63 мың кәсіпкерлік қызмет жасайды. Олар шығарған өнім 80 млрд. теңгені құрап отыр. Мәселен, сүт өнімдерін шығару 1,7 есеге, ет өнімдері 3 есеге дейін ұлғайды.
            Ерлан Спанов төл теңгеміздің еркін айналымға жіберілуі туралы да сөз қозғады.
            – Еліміздегі қазіргі қаржы жағдайы әлемдік экономикадағы ауытқуларға байланысты. Дегенмен, бұл біздің елдегі эконмикалық дамуды одан әрі ілгерілету үшін жасалған қадам. Облысымызда даурығатындай мәселені көріп отырғанымыз жоқ. Азық-түлік бағасы сол қалпында. Тұрақтандыру қоры жұмыс жасап жатыр. Елбасы бастамасымен құрылған штабтар қадағалау үстінде, – деді басқарма басшысы.  
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓