Жүк тасымалына еш кедергі жоқ

       Қостанайлықтар көмірден қысылмайды. Коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен тұрғындар қатты отынмен 100 процент қамтамасыз етілді. Бұл туралы «ҚТЖ» –Жүк тасымалы»  АҚ  Қостанай бөлімшесінің директоры Берік Қайдаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді.20181023_112720
       Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, яғни, тоғыз айдың ішінде өңірге 160 мың тонна көмір жеткізілді. Оның сыртында ұтынушылар 300 мың тонна қатты отынға қол жеткізді.
        -Мәселен, Рудныйдағы жылу-энергетикалық орталықтың қоймасын.да әдеттегі мөлшерден 2-3 есе артық көмір қоры сақтаулы. Ал астық тасымалына келер болсақ, бүгінге текті 2,8 млн тонна астық жөнелтілді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 51-ке артық. Мұның 2,1 млн тоннасы экспорттың еншісіне тиесілі. Есіл және Тобыл тәрізді ірі теміржол бекеттері арқылы күніне жүздеген вагон жан-жаққа аттанып жатыр. Тоғыз айдың ішінде 200-ден астам вагон жөнелтілді. Оның 119-ы өз еліміздің ішінде, 48-і Өзбекстанға, 21-і Орталық Азия елдеріне, 6-ы Ресей мен Әзірбайжанға, екеуі Грузияға тасымалданды,-дейді Берік Қайдаров.
        Оның сөзінше, Ауғанстан, Иран және Ирак мемлекеттеріне астық өнімдерін баламалы әдіспен тасымалдау жолдары қарастырылған. Яғни, өнім Болашақ өткізу бекетінен Түркіменстан арқылы Имамназар, Акина, Серхетабад және Сарахс бекеттеріне тасымаланады.
        Мұның сыртында бидайды контейнерлермен тасымалдау көлемі артқан. Қаңтар-қыркүйек айларында Зааятск, Қостанай, Есіл бекеттері арқылы 7 мың тоннадан астам астық жөнелтілген. Бұл өнімдерді діттеген жеріне шұғыл түрде жеткізеді әрі уақытты біршама үнемдейді. Тоғыз айдың ішінде 980 мың тонна қайта өңделген ұн тасымалданған. Оның 812 мың тоннасы экспортқа тиесілі.
        -Жүк тасмыалдауға қажетті вагондар жеткілікті. Оның үстіне жаңа вагондарымыз бар. Ендеше, тасымал мәселесінде ешқандай кедергі туындамайды,-дейді «ҚТЖ» – Жүк тасымалы» АҚ филиал директоры.
       Жыл аяғына дейін ай сайын  тағы 400 мың тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл, біріншіден, тұтынушыларға әлеуметтік маңызы бар жүктерді дәл уақытында, жеткілікті көлемде жеткізуге септігін тигізеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓