Аптап ыстық сақталады

Еліміздің басым аумағында алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы. ыстыкСиноптиктер 20-23 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар облысында ауа температурасы көпжылғы нормадан 5-10 градусқа жоғары болады. Мұндай ауа райы жоғары барийлі жотамен Таяу Шығыстан келетін ыстық ауамен байланысты болады. Синоптиктер республиканың кей облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі, – деп ескертеді. Тек айдың соңына қарай аздап күн салқындауы мүмкін делінген хабарламада.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓