Қостанай ОТД облыстың телекоммуникация желісін цифрландыруды аяқтады
Бүгін Жітіқара ауданында соңғы аналогтық стансаны цифрлы жабдыққа ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды. Нәтижесінде Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық тапсырмаларының бірін орындай отырып, аймақты цифрландырудың 100% деңгейіне қол жеткізді.

-Негізінде бұл тарихи сәт – енді «Қазақтелеком» АҚ Қостанай облысындағы барлық телекоммуникациялық желісі цифрландырылды. Еліміздің 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес инфокоммуникация саласындағы негізгі міндеттердің бірі жергілікті телефон байланысын цифрландыруды 100% деңгейіне жеткізу болып табылады. Біз осы жобаны компаниямыздың мерейтойлық жиынында, сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқтадық»,- деп ол айырықша баса айтты.
Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов атқарылған жұмыстар үшін байланысшыларға ризашылығын
білдіріп, аймақта телекоммуникация мен ақпараттық технологиялар жүйесін жетілдіруде Қостанай ОТД-ның маңызды рөлін атап өтті:

-Енді заманауи жабдықты орнатудың және жаңа технологияларды енгізудің арқасында біз қала мен ауыл тұрғындарының ақпараттық теңдігі туралы әңгіме қозғай аламыз. Мен облыс тұрғындарын біздің өңірдің экономикалық гүлденуі мен дамуына жаңа серпіліс әкелер бүгінгі маңызды оқиғамен құттықтаймын, – деді өз сөзінде.
Облыста желіні цифрландыру үдерісі 1994 жылы басталды. Ең бірінші цифрлық АТС Лисаков қаласында орнатылды. 2007 жылдың наурыз айында Қостанай қаласының желілері 100% цифрландырылды.

Осыған байланысты «Қостанай-Аманкелді» телекөпірі ұйымдастырылып, тұрғындар атынан Аманкелді ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов онлайн тәртібінде сөз сөйледі. Оның айтуынша, жоғары жылдамдықты Интернет өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға оң әсерін тигізері анық.
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков