Үздік мемлекеттік қызметкер анықталды

            Былтырдан бастап еліміздің мерекелік күнтізбесіне жаңа кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күні енгізілген еді. Осыған орай қаламыздағы орыс драма театрында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің мұрындық болуымен "Үздік мемлекеттік қызметші-2015" сайысы өткізілді. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып келе жатқан шараға облысымыздың әр ауданынан отыз алты өтінім келіп түсіпті. Қазылар алқасы озып шыққан он төрт қызметкердің жұмысын финалдық кезеңге іріктеп алды.IMG_2934
            Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік кадрдың сапасын жақсарту, заман талабына сай әмбебап мамандарды жарыққа шығару болатын. Мемлекеттік қызметтің бүгінгі жүйесі демократиялық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарын: персоналды конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызмет өткеру, персоналды жігерлендіру, оқыту мен дамуды біріктіретін аттестацияны үйлестіргендігін айта кетейік.DSC_0152
            Сайыстың "Визитка" деп аталатын кіріспе бөлімінде қатысушылар өздерін таныстырды. Бірі бейнеролик көрсетсе, екіншісі жырдан шашу шашты. Ал қамыстылық Ерлан Қылышбаев өзі жайлы үш тілде баяндап берді. Арқалықтан келген Алмагүл Жұмабаева өзінің кішкентай қызын сахнаға алып шығып, латын-американдық биі арқылы көпшіліктің қошеметіне ие болды.DSC_0180
            Әрбір қызметкердің ойын ашық айта алатын, креативті болуы – басты талап. Осы байқаудың екінші кезеңінде жас мамандар бір-бірімен пікірталасқа түсті. Олар жұп-жұпқа бөлініп әр түрлі тақырыпта ой бөлісті. Мәселен, Қарасу ауданының намысын арқалап келген Нағашыбай Капитан ғаламтор және әлеуметтік желілердің адам өміріндегі маңызын тілге тиек етті. Аталмыш тақырыпта қарсы пікір айтқан қостанайлық Асқар Кетебаев әлеуметтік желілерді қатаң тексерістен өткізіп барып қана қолдану керек дейді. Сарыкөлден келген Денис Кравченко қазақстандық киноөндірістің әлі де даму жолында екенін, елімізде білікті режиссерлер мен шебер операторлардың жетіспейтінін айтты.   DSC_0149
            Заңды білмеу мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сын десек, сайыстың шешуші  турында қатысушылар Ата Заңымыз және басқа да саяси құжаттар төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берді.
            Әділқазылардың шешімі шыққанша жиылған жұрт ұлттық және акробатикалық жанрдағы билерді тамашалады. Сондай-ақ облысымызға танымал Дидар Ибраева, Нұрахмет Махмұт сияқты талантты әншілер өнер көрсетті.DSC_0039
            Жарыстың қорытындысында "Ең жас қызметкер" болып қостанайлық Дина Нұрлыбекқызы танылса,"Ең шығармашыл маман" номинациясында Нағашыбай Капитан жеңіске жетті. Үшінші орын облыстық ІІД аналитика бөлімінің бас маманы Жұлдызай Бекболатоваға, екінші орын Федоров ауданынан келген Қадыржан Жүнісовке бұйырды.DSC_0003 Ал бас жүлде Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторының инспекторы Эмилия Тәутенованың қанжығасына байланды. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓