Гуманитарлық көмек келді

Қостанай облысына Түркия мен Польша елінің және ДДСҰ жолдаған гуманитарлық көмегі келді.
67340-187-600x330
Гуманитарлық көмекті қабылдау мен бөлуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бақылап отырды. Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қоғам өкілдерінің қатысуымен жүктердің рұқсат беру құжаттарын тексерді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, аталған шаралар гуманитарлық көмекті бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
–Әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер жүргізіледі. Әрбір қаптамаға «тегін» жазбасы бар арнайы мөр қойылады. Гуманитарлық көмек аясында мыңдаған медициналық маскалар, оксигенераторлар, сондай-ақ дәрілік заттар әкелінді. Мысалы, Демезон мен Меприлон сияқты дәрі-дәрмектерді Польша Республикасының «SUN-farm» фирмасы жіберді. Түркиялықтар «Фавипиравир» препараты және медициналық маскалармен көмектесті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіберген оксигенераторлар ерекше назар аударуға тұрарлық, – деп атап өтті Қ.Бекбасов.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓