Балғын балуандар белдесті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Рудный қаласының "Нұр" мешіті мен Рудный ішкі істер басқармасы жасөспірімдер арасында күрестің дзюдо түрінен жарыс өткізді. Аталмыш шара қаладағы «Горняк» спорт кешенінде ұйымдастырылды, онда облыстың әр өңірінен келген 10-12 жас аралығындағы 110 спортшы қатысты.





Ислам – бірліктің негізі, яғни адамдар арасында ынтымақтықты, ауызбіршілікті сондай-ақ, ұлтаралық достықты қамтитын көркем дін. Бүгінгі ұйымдастырылған бұл бастама тек жастарымыз арасында ғана емес, барша спорт сүйер қауымның арасындағы достықтың нығаюына да өз септігін тигізері анық.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі.