9 жасар қыз мұз астына түсіп кетті
Қостанайда мұздың астына түсіп кеткен 9 жасар қыз суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Балалардың туыс екені анықталды. Олар осы маңдағы төбешікте сырғанап ойнап, кейін бұлаққа баруға бел буған. Қайнар жақын жерде орналасқан және ол ешқашан қатқан емес. Қыста оның маңында жылымдар пайда болады. Балалар бұлаққа мұз арқылы келе жатқанда, мұз жарылған. Бала қарындасын құтқармақ болған, алайда бұл оның қолынан келмеді. Бала дереу ауруханаға жеткізілді, оның денсаулық жағдайы туралы хабарланбады.
Полицияда тергеуалды тексеріс жүргізіліп, болған оқиғаның себептері анықталып жатқанын хабарлады.