Жастар мерекесі 5 күн тойланбақ
Мерекелік шара маусымның 24-інде облысымыздың түпкір-түпкірінде «Ізгілік аптасы» акциясысынан бастау алмақ. Сондай-ақ ауқымды веложарыс ұйымдастырылады.
Келесі күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Оған қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, сонымен қатар оқу орындарының қабылдау комиссиясы атсалысады. Әуесқой аула командаларының қатысуымен, мини-футболдан жастар турнирі ашылады.
«Хинди» бояу марафоны мерекенің үшінші күнін бастап бермек. Сити-орталықта «тұсауы қиылып», қалалық жағажайда бояу Фестивалімен аяқталады. Осы күні жекпе-жек өнерінің Фестивалі де өтеді.
Ал, 27-маусымда ХІ Дельфи ойындарының салтанатты ашылуы болады. Еліміздің әр өңірінен келетін шығармашыл жастарды 10-нан астам алаң қарсы алады. Мини-футбол, стритбол, шахмат, асық ату, кір спорттары бүкіл мейрам бойы жалғасады. Сол күні «Болашақ аналар» атты сайыс та ұйымдастырылмақ.
Мерекенің соңғы күнінде, Жағадайда Гала-коцерт өтеді. Онда ХІ Дельфи ойындарының жеңімпаздары өнер көрсетіп, төңіректі әсем әуенге бөлемек. Онымен қатарлас «Шоколадты шайқас» үстел ойыны қызбақ. Оған кез келген тілек білдіруші көрермен қатыса алады. Гала-концерт тәмамдалысымен, OPEN AIR атты жастарға арналған көбікті кеш қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй тарту етпек.
Жандос Жүсіпбек
Бояу жағу мерекесі үнділерден келген әдет. Әр елдің заңы басқа. Еліктегішпіз осы. Әр ұлттың бір ырым үйренейік, қандай болар екенбіз.Өз дәстүрімізді білмейміз-ау,білмейміз…
Сырттай сын айтқанша, озіміздін дастурімізді даріптеп озініз неге ортага бастап шыкпайсыз? Колынызды кім байлапты? Алде, солар бастаган, солар тузелсін деп карап отырасыз ба?!
Дурыс айтасыз. Бұл – Үндістан еліндегі дәстүр. Бояу жағу былай қызық көрінгенімен біздің дәстүр емес. Айдос ағай, өзіңіз неге соншама ашулысыз? Сіз салт-сананы біледі дейді ғой. Бастап беріңіз, біз, жастар бағалаймыз.