Қажылыққа барушыларға вирус туралы ескертті
Бүгін облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өткізген семинарда өкілетті орган өкілдері Таяу Шығыс елдеріне демалушылар мен қажылық сапарға барушыларды неғұрлым сақ болуды ескертті.
Сырқат атипті пневмония түрінде білінеді. Бүйрек ауруы мен ішек жұқпалы аурулары мазалайды. Бірінші кезекте Сауд Арабиясынан сақтандырады: бұл елде өткен жылы ауру жұқтырған 497 жағдайдың 414-і тіркеліп отыр, 115 науқас көз жұмған. Туристік елдерден, атап айтқанда, БАӘ мен Мысырда бірнеше жағдай тіркелген.
Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Л.Налобина Сауд Арабиясының билігі денсаулығы әлсіреген, диабетпен, созылмалы тыныс жолдары, бүйрек және бауыр ауруларымен ауыратын адамдарға биылғы жылы қажылық жасаудан бас тарту жөнінде кеңес берді.
-Былтыр қажылық сапарға облысымыздан 36 адам барды. Өңірдегі тіркелген әрбір туристік фирманың медицина қызметкері қажылыққа баратын кісінің денсаулығын қадағалап барып, жібереді. Өткен жылы қажылыққа барған адамдардың ешқандай жұқпалы дерттің белгілері анықталмады, – деді облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Жақсылық Ғайсин.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ