Құдіретті көркемсөз
Арқалықта қалалық тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» байқауы өтті.Салтанатты шарада орталық диеркторы Баян Қалмағанбетова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға қаладағы жоғары және кәсіптік оқу орындарынан, қала және ауыл мектептерінен үміттерін үкілеген 11 жүйрік қатысты. Үміткерлер сайыстың талабы бойынша екі кезеңнен сынға түсті. Олар: қазақтың белгілі ақын жазушыларының прозалық шығармасынан үзінді оқу және поэзиялық туындыларды жатқа айту.Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткен көркемсөз шеберлері байқауында І орынды Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Нұрдана Тұрысбек жеңіп алды.
Жеңімпазға облыстық байқауға жолдама берілді.
Мұрат Жүнісұлы