Өз баласын саудалаған аналар да бар

Сәрсенбі күні облыстық прокуратурада кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда жетім ба-лалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғауға бағытталған заңнаманың қол-данылуына жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланып, біраз былықтың беті ашылды. Ста-тистикалық деректерге сүйенсек, облысымызда 3 117 жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған бала бар. Олардың 1 851 отбасында қамқорлыққа алынған, 124 патронатты, 1 142 же-тім балалар мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде тәрбиеленуде.information_items_35409
2014 жылы 1 525 қамқоршыға жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларды асырауға 28,9 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, қамқоршылардың өз міндеттерін тиісті орындамайтынын анықталды. Мысалы, Қостанай қ. қамқорлық жасау органдарының ресми деректері бойынша, мүгедек жетім А.Кильдишов өз әпкесі қамқорлығына алған. Алайда тексеріс барысында қамқоршы 3 жылдан астам уақыт бойы Астана қаласында тұрып келгені анықталды, ал бала қазір Лисаковск қаласының түзету мектеп-интернатында. Қамқоршы осы жылдар бойы бұл баланы асырауға арналған жәрдема-қы алып келген. Мұндай факті аз емес. Өкілетті органдардың рұқсатынсыз, қамқоршылар мен қамқорлыққа алынған балалардың бөлек тұру фактілері де анықталды, ал оларға тиесілі жәрдемақыны қамқоршылары алып келген. Балалардың мүлік құқығының жиі бұзылатынды-ғы да белгілі болды. Мысалы, Қостанай қалалық білім бөлімі рұқсатының негізінде 2014 жылдың наурыз айында кәмелетке толмаған А.Басмурзинның анасы оның Рудный қаласын-дағы жылжымайтын мүлкін сатып, өз ұлын туыстарының біріне бере салған. Сөйтіп өз ұлын саудалаған аналарда бар болып шықты.
Қамқорлыққа алынған кәмелетке толмаған балалардың мүлкі сақталмайды.Тексеріс барысында қамқорлық жасау органдары және әділет органдарына жетім балалардың мүлкін иемденуге тыйым салу туралы қорғау хаттарын жіберу бойынша ешқандай шара қолданбау-дың 36 фактісі анықталды. Сонымен қатар, тексеріс барысында жетім балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне тұрғызбаудың 49 фактісі анықталды.1311782238_449778fd47_174870
Қамқорлық жасау органдарымен сот орындаушыларының арасында өзара қарым-қатынастың болмайтындығынан, жетім балалардың уақытында алимент ала алмау фактілері жиі кездеседі. Мәселен, Рудный қаласындағы түзету мектеп-интернатына қамқорлыққа бе-рілген Д.Дюжаков ата-анасынан 2012 жылдың қазанынан бастап тиісті алиментті алмаған, ал И.Дюжаковадан қамқорлық жасау органының пайдасына алимент өндіру туралы атқару ісі мүлде қозғалыссыз жатқан. Прокуратура органдарының араласуынан кейін, борышкердің жұмыс орны бойынша, баланың пайдасына 64 000 теңге өндірілді. Жалпы, тексеру алимент алуға құқы бар балалардың көбі алмайтындығын көрсетті. Рудный қаласындағы балалар үйі-нің 139 тәрбиеленушісінің 38-і ғана алимент алады.
Тексеру нәтижелері облыс прокуратурасының алқа отырысында қарастырылып, анық-талған құқық бұзушылықтарды жою және қамқорлық жасау органдары жұмысын жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасалды. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓