Сараптама нәтижесі көрсетті

Жақында Сарыкөл аудандық кәсіпкерлік бөлімі өңірдің азық-түлік дүкендеріндегі күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасына сараптама жасаған болатын.  цена
Нәтижесінде, қызылша мен сәбіз секілді көкеністердің көтермелі бағамен сатылып жатқанын анықтады. Яғни, алдыңғысының бағасы – 11%, ал соңғысы – 13%-ға дейін өскен. Есесіне, екі айдың көлемінде сүт өнімдерінен жасалған азықтардың, ұн, қант, макарон өнімдерінің бағасы еш өзгермеген, тұрақты. Сондай-ақ, орамжапырақ біршама арзандаған. Мәселен, мамырда оның килограммы 141 теңгеден  тұрса, ал қазір бұл баға екі есеге төмендеген. Сол секілді пияздың бағасы 87%-ға  түскен. Ал қияр мен қызанақтың бағалары да біртіңдеп қолжетімді бола түсуде. Бар жоғы бір айдың көлемінде қияр – 307, қызанақ 382 теңгеге арзандаған.
Кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінің айтуынша бұл аудан бойынша он ірі сауда нүктесі бойынша жасалған сараптама.  
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓