4 пайыздық автонесие қашан жалғасады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие тоқтамайтынын жеткізді.Оның айтуынша, бағдарламаға берілген 100 миллиард теңге айналып пайдалана беріледі, деп хабарлайды Экспресс К.
Бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінді. Адамдардан 20 мың өтініш түсті. Оның 10 мыңға жуығына сенім хат берілді. Қазір 2895 көлік өз иесін тапты. Бұған қоса 5 мыңға жуық көлік дайын тұр, енді оларды адамдарға жеткізу қалды, – деді министр.
Оның айтуынша, бағдарлама 1 жылмен шектелмейді, несие алған адамдардан түскен ақшаға жалғаса береді.
Бұл айналып отыратын бағдарлама. Адамдар банкке несие төлейді, ол 1-2 ай жиналып, басқа адамдарға беріледі, – деп нақтылады министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓