Құқықтық сауаттылық мәселесі көтерілді
by
Qostanaı tańy
·
18.06.2015
Меңдіқарада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесті. Департаменттің Тәртіптік кеңес секретариатының меңгерушісі А. Іскендіров жеке қабылдау жүргізді. Тұрғындармен кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамы, Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әңгіме арқауына айналды.