Қаржы дайын, жоба жоқ
Облысымыздағы 7 білім беру нысанының қүрделі жөндеу жұмыстарына 948,9 млн. теңге бөлінді. Оның 572,4 млн. теңгесі республикалық, 376,5 млн. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылды. Білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған 53 әзірленген жоба бар. «Әттеген-айы», жобалардың басым бөлігі әлі мақұлданбаған көрінеді.