Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте
Әулиекөл ауданында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру мақсатында аудандық тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өткізді. Мемлекеттік қызметкерлер мен мамандар өздерінің қаншалықты мемлекеттік тілді білетіндіктерін түрлі тапсырмалар орындау арқылы байқатты. Жеңімпаз болып, Әулиекөл ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Дина Абдуллаева атанды. Ол қыркүйек айында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.
Гүлназым САҒИТОВА