ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРІ РУДНЫЙДА
Рудный қаласында жұмыс сапарымен Түркиялық «Фимакс» компаниясының басшылары мен жетекші мамандары келді. Олар «Жас қанат – 2006» ЖШС құс фабрикасын аралады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде, соңғы 4 жылда фабриканы қайта жаңғыртуға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Өндіріс көлемі де бірнеше есеге артты. Бүгінде жаңартудың 3-ші кезеңі аяқталуға шақ қалды. Кәсіпорынның жұмысына оң баға берген түркиялық кәсіпкерлер сүт зауытына да атбасын тіреп, өндіріске енгізіліп жатқан инновациялық технологиялармен танысты.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ