«Біз үшін интеграция деген ойын емес, саясат емес, ол – өмір» Кеше Астанада үш мемлекет – Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары тарихи құжат – Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі шартқа қол қойды

Мақаланың тақырыбына шығарған бұл сөздерді Қазақстан Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. Және ол Еуразиялық экономикалық одақ идеясын бұдан жиырма жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Москва университетінде көтеріп, содан бері осынау игі іске жету үшін күш-жігер жұмсап келгенін әркім де біледі.
Осынау жылдар ішінде талай қиыншылықтар өтті, талай пікір-талас болды, әр қадам сайын  үш елдің экономикалық одағына біртіндеп бетбұрыс жасала бастады. Сөйтіп күні кеше ғана қазақ елінің жүрегі – Астанада Елбасының алға қойған өміршең де игі мақсаты жүзеге асты. Ресей, Беларусь және Қазақстан басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.
Бұл тарихи оқиғаны әлемдік қауымдастық, өз еліміз «…алда тұрған Үшінші жаһандық  индустриялық революция қарсаңындағы Қазақстанның, Беларусь пен Ресейдің ортақ стратегиялық артықшылығы» деп бағалады.
Бүгіндер  біздің  елімізде  ха-лық саны 17 миллион. Ал, Қазақстанның жер үсті мен жер асты байлығына әркім де қызыққандай. Жан басына шаққанда біздің астығымыз бен мұнайымыз шаш етектен келед
Оның бәрін ел ішінде тұтыну  мүмкін емес, экономиканы өркендету үшін сыртқы рынок керек, яғни көсіле қанат қағатын  нарық кеңістігі ауадай қажет. Ал Еуразиялық экономикалық одақ бізге, міне, осыны береді, яғни тынысты кеңейтеді, құлашты серметеді.
Бұл бәз біреулер даурыға, езеуреп айтып жатқандай бұрынғы Кеңес Одағына қайта оралу емес, бұл саяси одақ емес, тек экономикалық мүддеге бағыттал-ған үш іргелі елдің, алдымен кедендік одаққа бірігіп, бір-бірімен сыралғы болған бауырлас елдердің одағы.
Әрине, қоғам болған соң сол қоғамның мыңдаған, миллиондаған мүшесі болады. Олардың әрқайсысының өзіндік пайымы, өзіндік көзқарасы болуы да табиғи жағдай. Бірақ біз бүкіл елге, бүкіл халыққа қатысты мәселені шешуге келгенде өзіміз бір кісідей  дауыс беріп, сайлаған Елбасының төңірегіне топтасып, бүкіл әлем таныған саясаткер, дарқан даланың дана ұлы Нұрсұлтан Назарбаев идеясына шынайы қолдау танытып, оны жүзеге асыру үшін тас-түйін жұмылуымыз парыз. Өйткені Елбасының ұстан-ған бүгінгі бағдары мазасыз әлемде Қазақ елінің  жаһандану үрдісіне жұтылып кетпеуіне жасалған батыл қадамы, шын мәнінде Жаңа Қазақстанның жасампаздық жолының ерекше бір сипаты, әбден зерттеліп, зерделеніп, дүниеге келген өміршең одақ.
Сол одағымыз баянды болсын, қымбатты оқырман!
Сәлім
     МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓