Рамазан айында қоғамдық көліктер түн жарымына дейін жүреді

25779281-387Қасиетті Рамазан айы басталысымен, әр кеш Тарауих намазына жиналатындардың қатары қалыңдай түспек. Әсіресе, облыс орталығындағы Ақ мешітке келушілер көп. Намазға қатысуға ниеттілердің  қатарында үйіне қайтар жеке көлігі жоқ азаматтар да аз емес. Әсіресе, қариялар жағы түн жарымында «такси» таппай қатты қиналады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, облыс орталығында Рамазан айында қосымша көлік шығарылды. Автобус орталық мешіттен түнгі бірлер шамасында шығып, қаланың барлық мөлтек аудандарын аралайтын болады. Қасиетті айда намаздан шыққандарды үйлеріне жеткізіп салу Қостанайда игі дәстүрге айналғанын айта кеткен жөн.

 

 

You may also like...

1 Response

  1. Айгүл айтты:

    Бұл өзі парыз болса керек.Жалпы кісіге деген құрмет болуы тиіс. Әсіресе қарттар мен балалардың жағдайы жасалуы маңызды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓