Игорь Зенкович «Тобылдың» намысын қорғайды

Жазғы трансферлік терезе ашылғалы «Тобыл» футбол клубы екінші ойыншыны өз қатарларына қосты. Бұл жолы танымал белорус футболшысы Игорь Зенкович қостанайлық клубпен жыл соңына дейін келісім-шартқа отырды.
          И.Зенковичтің есімі қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2011-2014 жылдары Оралдың «Ақжайығы» мен Қарағандының «Шахтер», «Ақтөбе» командаларының сапында ойнаған. БАТЭ клубының түлегі әр жылдары Минскінің «Динамосында», Могилевтің «Днепрінде», Гродноның «Неман», Светлогорскінің «Химик» командаларында өнер көрсетті.ЗЕНКОВИЧ
          Қазақстан чемпионатында ол барлығы 25 доп соғып, ең үздік сұрмергендердің қатарынан табылды. Ал биылдан  бері Түріктің «Элязыгспор» командасына ауысып,  Босфор жағалауында бір жарым маусым доп тепбуге келіскені есте. Бірақ, онда тұрақтай алған жоқ.. Ол енді жыл аяғына дейін «Тобылдың» намысын қорғайды.
         Игорь Зенкович – 2006/07 жылдары Белоруссия Кубогының финалисі,  2013 ж Қазақстан Кубогының жеңімпазы, 2013 ж. Қазақстанның ең үздік сұрмергені болды. 2012 жылы құйынперен футболшы  Премьер-Лига командалары сапындағы үздік 33 футбошысының бірі атанды.
        Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында «Тобыл» командасы украиналық қорғаушы  Сергей Яворскиймен толыққан еді.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓