7 млн. теңге айыппұл салынды
Қостанай қалалық № 2 соты ҚР ҚК 368-бабы 2 бөлімі бойынша қаралған қылмыстық істі жасады деп айыпталған 1973 жылы туған М.Сағнаевқа қатысты сот үкімін шығарды. Айыптау қорытындысына сәйкес, Сағнаев «Локомотив» АҚ филиал директорының орынбасары қызметін атқару кезінде акционерлік қоғам жұмыскерлерінің жіберген тәртіп бұзушылықтары үшін жұмыстан шығару шарасын қолданбаудың өтемі ретінде директорға 2000 АҚШ доллары көлемінде пара беруде делдалдық еткен.
Сот үкімімен Сағнаев ҚР ҚК-ның 368 бабы 2 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК55 бабы бойынша 7 432 000 теңге айыппұл салынды, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеу құқығынан біржола айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.