Ардагерлер ән салды, ел – жұрт тамсанды

Киелі Торғай төсіне облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанып, талай биік белестерді бағындырған Арқалық қаласының “Қазына” ардагерлер ұйымы келіп, аудан жұртшылығын әнге бөледі.DSCF6241
Айта кету керек, бұл ардагерлер ұйымы 2000 жылы құрылып, содан бері алға қойған мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында өткен республикалық “Қайран ерлер қаһарман ардагерлер” атты байқауда жүлделі үшінші орынды иеленген. Тіпті өнер саласынан тыс Арқалық қаласының экономикасының дамуына өзіндік үлестерін қосып, аталмыш аймақтың әлеуметін дамытып, кейінгі жас ұрпаққа үлгі болып отыр. DSCF6255Мақтауға тұрарлық. Әрбір игілікті істерінен өнеге алуға лайық. Осы тамаша ән кешінде ардагерлер ұйымынан құрылған ұлт аспаптар ансамблі “Жеңіс”, “Би”, “Адай” күйлерін күмбірлете орындап, көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Ал “Алтын дауыс” номинациясының иегері Ақторта Әбілова, бірнеше ән байқауларының лауреаты Нәбира Оңжанова, оқу саласының үздігі, әуезқой әнші Жәнібек Ғапбасұлы,Қарлығаш Жақыпбекқызы, жыршы – термеші, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қуаныш Қазымбеков, облыстық меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, облыстық, қалалық ән байқаулардың жүлдегері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Шәріпұлының шырқаған әндері, өнер сүйер қауымның көңілдерін бір марқайтып тастады. Сондай – ақ осы тамаша ән кешінде соғыс жылдарындағы әндер көптеп шырқалды. Арқалық қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алматова және ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Шәріпұлы қала әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын аудан әкімдігіне табыс етті.DSCF6266
Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың және “Нұр Отан”
партиясы атынан өнерлерін көрсетіп, аудан тұрғындарына рухани байлық пен көтеріңкі көңіл – күй сыйлаған ардагерлерге шексіз ризашылығын жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов өзінің ыстық ықыласын бідіріп, 80 жасқа толған мерейтой иесі К.Шәріпұлының иығына қазақы дәстүрді жаңғыртып шапан жапты.Сонымен қатар ардагерлерге өз отбасының атынан сый – сияпат жасап, құрметтеді.
Ия, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан салт – дәстүріміз бойынша үлкенді құрметтеу ең ізгі, ең үлкен байлығымыз, ұлтымызға ұйытқы болған мақтанышымыз.
 
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓