Қостанай полицейлері – ғаламторда
Қостанай полицейлері ғаламторда қылмыстық ақпараттарға арналған сервис құрды. Бұл қандай да бір қылмыс немесе құқықбұзушылық туралы хабарламаны жұртшылыққа жедел тарату үшін керек. Сервистің қанатқақты нобайы іске қосылулы. Болашақта жетілдіріле түседі. Бұл жайлы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
– Сервис әкімшілік полиция Басқармасының ортақтасуымен өңделді, тұсауы кесілді. Бір оңтайлылығы – енді кез келген облыс азаматы сервистің тұрақты тұтынушысына айнала алады. Яғни құқықбұзушылыққа немесе қылмысқа куә бола қалса, «онлайн» тәртібінде, дерекке қатысты фото және бейнетаспаларды сайтқа, http://dvdkostanay.kz. мекенжайы бойынша жүктей алмақ. Қайтадан байланыс орнату үшін байланыс деректерін, e-mail мекенжайын және телефон нөмірін көрсетуі тиіс. Барлық файлды пікірімен қосып жүктеп алуды өтінеміз,-дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ондай ақпараттарды облыстық ІІД бастығы, полицияның генерал-майоры Тлеген Маткеновтың блогында қалдыруға да болады. Электронды мекенжайы – mvd.gov.kz. Халыққа қолай тудыру үшін ІІД әлеуметтік желілерге де аккаунтын енгізген. Фейсбук, Твиттер, Вконтакте, Майл.Ру, Ювижн және Ел.кз сынды желілер арқылы да жұртшылықпен ақпарат алмасуға мүмкіндігі бар.
Жандос Жүсіпбек