Есірткі контрабандасының ізі кесілді

 «Қайрақ» шекаралық бекетінде екі бірдей есірткі контрабандасының ізі кесілді. Күдікті есірткіні аяқ киімдерге жасырып, шекара асырмақ болған. Енді бірінде заңсыз сауданы елден тыс жүзеге асырғысы келген азамат нашаны темекі қорабына жасырған.ес3ртк3
Алғашқы тұтылған айыпкер – 27 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны. Бұған дейін де бірнеше рет қылмыс жасаған болып шықты. Шекарадан өтетін автобусты міндетті тінту барысында, аяғына көлемі үлкен кебіс киіп алғандығы күдік тудырған. Тексере келгенде, ұлтарақ астынан кептірілген марихуана табылды. Жалпы салмағы –  254, 21 грамм.
Осыған ұқсас қылмысты тағы да 29 жастағы лисаковтық жасады. Ол сапарлы автобус жолаушыларының арасында аңғарусыз қаламын деп ойласа керек. Шылым қорабына 52,39 грамм гашиш есірткілік затын жасырып, шекаралық бекеттен әрі өткізбек болған. Тәртіп сақшылары арам пиғылына тосқауыл қойды.
Ағымдағы айдың алғашқы онкүндігінде, есірткі бизнесімен күрес Басқармасы өкілдер мен Лисаков ҚІІБ қызметкерлері тізе біріктіріп, күдікті деректерге қатысты тұрғын үйлерге тінту жүргізген болатын. Лисаков қаласындағы пәтерлердің бірінде олар есірткі заттарын дайындайтын және тарататын қылмыстық отаудың үстінен түсті. Бұл – жергілікті тұрғынның жеке «өндіріс орны» болып шықты.Тінту нәтижесінде тәртіп сақшылары 5,996 грамм экстракционды апиын тәркіледі.
Аталған деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓