8 қару тәркіленді
Қостанай облысында төрт күн бойы жүргізілген «Қару» операциясының барысында заңсыз айналымнан 8 қару-жарақ алынды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Оның ішінде, заңсыз сақталып келген, тіркелмеген тегіс оқпанды 3 мылтық, 4 қару, 1 тоқ соқтырғыш қару тәркіленді, облыс халқы өз еріктерімен 13 мылтықты тапсырды.
«Қару» атты жедел профилактикалық шара төрт күн бойы жүргізіледі. «Қару» операциясының мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қылмыстар туралы қала тұрғындарынан келіп түскен мәліметтерді дер кезінде елеп-ескеру, содан нәтиже шығару» дейді ОІІД бөлім басшысы Абзал Тасболатов.
Шара барысында қаруды сақтау және тіркеу ережесін бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 31 адамды жауапқа тартты.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ.