Жойқын жол апаты
Армяндық нөмірлі автокөліктің апатқа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
4 мамырда "Хонда" автокөлігі Қостанай облысы арқылы Ақтөбеге сапарлатып бара жатқан. Көлік тізгінінде атыраулық 29 жастағы тұрғын болған. "Қостанай-Қарабұтақ" бағытындағы тас жолдың 334-шақырымында жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "КамАЗ"-ға соғылған.
Апат салдарынан "Хонда" жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Жеңіл көлікте болған 29 жастағы тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның сыртында жол мекемесінің екі жұмысшысы жапа шекті. Олар да ауруханаға жатқызылды.
Полиция департаменті азаматтардан жолда абай болуды және жол қозғалысы ережесін сақтауды сұрайды.