Үш күнде он ұрлық ашылды
Облыста "Скотокрад" жедел-алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды. 26-28 қаңтар аралығында полицейлердің күші жасалған қылмыстарды ашумен қатар, алдын алуға бағытталды. Операция барысында 10 мал ұрлығы ашылды.
Жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер ет және мал тасымалымен айналысқан автокөліктерді, ет сататын орындарды тексерді. Тексеруге 37 ветеринарлық инспекторы қатысты. Мал ұрлағаны үшін полицейлер 9 күдіктіні қолға түсірді. Мысалы, Қарасу АІІБ қызметкерлері қой ұрлады деген күдікпен 18-20 жастағы екі жігітті ұстады. Сондай-ақ, Қарабалық, Сарыкөл, Меңдіқара, Қостанай аудандарында және Жітіқара қаласында мал ұрлығын кәсіп еткендер құрықталды.