Бөліске түскен мектеп

Менің айтайын дегенім, көптен бері айтылып, шешімін таппай келе жатқан мәселе –   Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 қазақ орта мектебі жайлы болмақ.
КЖБИ ауданындағы жалғыз қазақ мектеп ғимаратының 3 қабатына толығымен дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты орналасқан. Мектептің асханасы солар үшін жұмыс істейді. Сондықтан да, қазақ мектебінің оқушылары екі ауысымда оқуға мәжбүр. Оқушыларға сабақтан тыс қосымша сабаққа келуге мүмкіндік жоқ. Қанша жерге жазылса да, білім, «Нұр-Отан» партиясына т.б. ешқандай нәтиже шықпады. Ата-аналар келесі оқу жылына дейін осы мәселе оң шешіле ме деп үміттенуде. Редакциядан өтінеріміз, осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіздер екен.
 
Ата-аналары атынан, Бақыт
 
Құзырлы мекеме жауабы:
Шолпан Байжанова, Қостанай облыстық әкімдігінің  білім беру басқармасы бастығының орынбасары:
Аталмыш мәселе бойынша 20 мектеп оқушыларының ата-аналары білім беру басқармасына, облыстық әкімдікке және басқа да құзырлы мекемелерге шағымданды. Олардың хаттарына толық жауап қайтарылды.
Алғашында №20 мектеп аралас білім беру мекемесі болған. Одан оны мемлекеттік тілде білім беретін мектепке ауыстырдық. Сол кезде оқушылар саны аз болды. Ғимарат бөлмелері пайдаланылмай бос тұрды. Сондықтан, мұнда 2007 жылы «Озат» мектеп-интернатын көшірдік. Мектептің 3-ші қабатындағы 12 бөлме бөліп берілді. Бірақ бұл қалалық оқушылардың білім алуына еш кедергі келтірмейді. Білім беру ордасының оқушылары мен интернаттың 160  баласы мектепке еш тарлық етпейді. Жыл сайын оқушылар саны көбейгенімен мектеп сыймдылығы шегінен шығып жатқан жоқ. Барлығы да талаптарға сай. Ал, екі ауысымда білім алу – заңмен шектелмен.
Орта білім беру ордасындағы асхана «Озат» мектеп-интернатына тиесілі. Бұл жерден №20 мектептің де балалары ауқаттанады.  Егер интернат ол жерден көшірілсе, онда мектеп балаларының ыстық тамақпен қамтылу мәселесі туындайды. Жаңадан асхананы жабдықтап ашуға бюджетте қаржы қарастырылмаған.
Бұл жерде ата-аналардың өзімшіл қағидасы басым. Ал сол интернат балаларының педагогикалық колледж жатақханасында тұрып жатқандығы неге ешкімді алаңдатпайды?! Қыстың қақаған аязында қалалық жас жеткіншектер жылы үйлерінде жатып, сабаққа қатыспайды. Ал бұл балғындар интернатқа келуге мәжбүр. Өйткені осындағы асханадан тамақтанады.
«Озат» мектеп-интернатын бөлек ғимаратқа орналастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселе қараусыз қалған жоқ. Қаладағы ғимараттар мен білім беру ордаларын аралап, шолып жүрміз. Әзірге, лайықты ғимарат табылмай тұр.

 

You may also like...

1 Response

  1. Айдос айтты:

    Кез-келген мектептін оз асханасы болушы еді гой?! Сонда бул мектептін буган дейінгі асханасы кайда кеткен? Алде, казіргі асханасымен жутылып кеткен бе? Осы жагын аныктау кажет сиякты… Біздін ауыл мектебінін озінде асхана болатын. Каланын как ортасында турган білім ошагында балаларга тамак ішетін орын жок дегеннін озі бір турлі кулкілі екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓