Әкім медициналық орталықта болды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов «Жемчужина» медициналық орталығында болды.
Одан әрі облыс әкімі жақында ғана іске қосылған магниттік-резонанстық томография кабинетінде болды.IMG_2040Магниттік-резонанстық томография – соңғы жылдардағы медициналық визуализацияның басты әдістерінің бірі. Бұрын томографиялық орталық жүйке жүйесін зерттеумен ғана шектелсе, енді МРТ медицинаның барлық салаларында қолданылмақ. Зерттеудің бұл түрі нақты топикалық диагностика жүргізуге, арнайы контрастық қадағалауға толық жағдай туғызбақ.IMG_2022
– МРТ кабинетінің өңіріміздің денсаулық сақтау ісінде алар орны зор. Бұл томограф арқылы адамның бас сүйегі, жұлын, омыртқа, өзге де ағзадағы басты органдардың жұмы­сын немесе ықтимал дертін барынша дәл анықтап, диагноз қоюға болады. Бұрын осы қондырғының болмауы салдарынан облыс тұрғындары көрші Ресейге немесе алыстағы Астана, Алматыға жүгіріп, әуре-сарсаң болатын. Жерлестеріміздің сол азаптан құтылғанына бәріміз де қуаныштымыз, – деп облыс әкімі Нұралы Садуақасов медициналық орталық дәрігерлеріне табыс тіледі.IMG_2023
Медициналық орталықтың бас директоры Владимир Клименконың айтуынша, магнитті-резонансты томограф орталығы бүгінде күніне 20 кісіні қабылдауға қабілетті, алдағы уақытта олардың санын 30-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бір науқасты зерттеу үшін 20-40 минут уақыт кетеді екен. Ал бір мүшені томографияға түсіру құны 15 мың теңге. Кәсіби медициналық көмек көрсететін заманауи көпсалалы орталық Италия, Германия және Жапония елдерінде шығарылған қондырғыларымен жабдықталған.IMG_2031
Тағы бір жағымды жаңалық медициналық орталық Мацукатовтың компрессиондық-дистракциондық аппаратын алдырыпты. Өз кезегінде сынықты дәл табуға мұндай қондырғыны пайдасы көп дейді орталықтың ортопед-травматолог Федор Мацукатов.
Алдағы уақытта осы орталық жанынан травматолог мамандар дайындайтын мектеп ашылмақ.  
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓