Кәсіптерін жандандырмақ

 «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында сегіз кәсіпкер мемлекеттік грнаттарға қол жеткізді. Енді олар жаңа жобаларды жүзеге асыруды ойластырып отыр.БЖК
           Мәселен,  Қараменді селосының тұрғыны Алма Ғалиева «Бизнес-кеңесші» оқыту курстарынан өтіп, сертификат алған соң, аудан орталығында балалар ойын-сауық паркін құру үшін 3 млн.теңгелік грантқа өтініш берді. Өтінім өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданып, жақын арада кәсіпкер бөлінген ақшаға жаңа аттракциондарды сатып алуды көздейді. Ол жоба үш жылда өтеледі деген сенімде.
           Ал  Сарыкөл ауданының тұрғыны Ольга Стрелец  1 млн. 957 мың теңгелік грантқа ие болды. Кәсіпкер құс шаруашылығын ұлғайтпақ. Қаражат 500 шақты құсты, торға арналған материалды, сондай-ақ мини-ферманы баламалы энергиямен қамтамасыз етуге арналған жел электростанциясын сатып алуға жұмсалады. Ольганың  құс өсіруде тәжірибесі жоқ емес. Оның фермасында  200 бөдене өсіріледі және  жұмыртқасын Қостанайдың ірі сауда желісі арқылы сатады. Жоспары – өнім көлемін ұлғайту.
          Осындай гранттар Қарасу ауданындағы «Киім тігу ательесі», Меңдіқара ауданындағы «Жерлеу агенттігі», Ұзынкөл ауданындағы «Құрама жемді өндіру», Әулиекөл ауданындағы «Пиццерия» және «Кондитер цехі» жобаларына бөлінді. Сегіз грант иелерінің ішінен жетеуі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы «Бизнес-Кеңесші» оқыту курстарынан өтті.
        «Облыс кәсіпкерлерінен мемлекеттік грантқа 85 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен 52-сі Палата филиалдарының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында тегін кеңес алып, 59-ы бизнес негіздеріне оқытудан өтті», – дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы бизнесті сервистік қолдау бөлімінің сарапшысы Лейла Ақтаева.
         «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру 2015 жылғы сәуір айынан басталды. 5-ші маусымға дейін 540 тыңдаушы үшін 20-дан астам тренинг өткізілді. Оған өңірдегі барлық аудандар мен қалалары қатысты.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓