Желіде – “ЖАСТАР” радиосы

IMG_6453цветнойБолашақ журналистерді тәрбиелейтін Ахаң атындағы оқу ордасында медиа-студия  бар. Бұл студияда жастар тәлім-тәрбие алып, көпті үйренеді. Ауылдан арман қуып, журналист боламын деп келген қыз-жігіттер осы жерде алғаш микрофон ұстап, эфирге хабар дайындауды үйренеді. Радиода сөйлеп, хабарлар әзірлейді. Бұл келешекте әр салада көрінемін деген жастар үшін тамаша бастама екені  даусыз.
Медия-студия құрамына республикалық "Жас өркен-Қостанай" журналы, университеттік "Білім жарысы" газеті, "Жастар ТВ" оқу телестудиясы мен "Жастар" радиосы топтастырылған. Жастар үнемі осы жерде еңбектеніп, өздерінің тырнақалды туындыларын жарыққа шығарып жатады.
Осы студиядағы  "Жастар" радио желісі 2010 жылы құрылған. Университеттегі ақпараттық-сазды бағдарламаларды тарататын желінің мақсаты болашақ журналистердің теориялық білімдерін тәжірибемен шыңдау. Студенттерге арналған әндер, авторлық бағдарламалар, хабарландырулар мен құттықтаулар екі тілде шығарылып отырады.  Күнделікті жаңалықтармен қатар "Күлкі кер-уені",  "Қайырлы күн!", "Поэзия жауҺары", "Университет – тарих толқынында", "Ақ тілек" атты авторлық радиобағдарламалар да эфирге көрерменге жол тартқан. Биыл Жеңістің 70 жылдығына орай берілетін "Мәңгілік алау" радио бағдарламасы ардагерлеріміз жайында сыр шертеді.
– Өзім осы оқу ордасында білім алғанмын. Дәл осы журналистер даярлайтын факультетте мұндай студия болмайтын. Ал қазіргі студенттердің  бағы бар екен. Студияда барлығы бар. Камера, фотоаппарат, монтаждау құрылғылары, газет беттеу бөлмесі. Тек жастардың ынтасы болса болғаны. Қазіргі кезде түрлі бағдарламалар әзірлеудеміз, – дейді медия-студия меңгерушісі Аманкелді Шөрентаев.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
Суретте: жастар студияда жұмыс істеуде.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓