Баспана – басына бәле болды
Қостанай қаласының №2 соты «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмектесем деген желеумен облыс тұрғындарын алдлап ақша алған А.Әбдінге қатысты сот үкімін шығарды.
Іс материалдары бойынша, Әбдін жәбірленушілерге «Қостанай қаласы әкімі аппараты» ММ қызметкерлеріне пара беруге керектігін айтып, пара беруге көндіріп, тұрғындардан қолжетімді баспана үшін, тиісінше, 240 000 теңге, 450 000 теңге, 755 000 теңге, 450 000 теңге, 1 500 000 теңге, 1 542 100 теңге, 1 000 000 теңге көлемінде қаражат алған.
Сот үкімімен А.Әбдін ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөл. 1 тар. бойынша айыпты деп танылып, оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.