Автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО ашылады

Биыл облыс орталығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылмақ. Орталық автокөлік иелеріне қызмет көрсетпек.
Азаматтар үшін темір тұлпарларын 2 сағат шамасында ресімдеу мүмкіндігі туады. Сонымен қатар осындай уақыт ішінде жүргізуші куәлігін де ала алады.dc097be390e273e978ef8a923b59d9c7
Автоматтандырылған құралдардың және кешен аумағындағы қосымша қызметтердің жұмылдырылуы арқасында қызмет көрсету уақыты барынша қысқартылды. Арнайы ХҚКО психиатриялық және наркологиялық диспансер дәрігерлерінің бөлмелері болмақ. Сонымен қатар медициналық тексеруден өту бөлмесі де қарастырылған.
Автокөлік иелерінің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған десек артық айтқандық емес. Мұнда көлік жүргізушілері ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды және көлік салығын төлей алады.
Ал кешен аумағындағы автоматтандырылған автодром мен  мотодромда көлік жүргізу бойынша емтихан тапсыруға болады.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓