Жұмысшы жол жөндеу көлігінің астында қаза тапты
Қайғылы оқиға Алматы-Екатеринбург бағытындағы жолда тіркелді. Федоров ауданы маңындағы жолды жөндеу кезінде жұмысшы темір тұлпарын жөндемек болған. Ауыр техника өздігінен қозғалып, ер кісіні басып кеткен. Жұмысшы табан астында мерт болды. Қазіргі таңда, оқиғаның себеп салдары анықталуда.