Судьялыққа кандидаттар Жоғарғы сот судьясымен кездесті
Қостанай облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Амангелді Сәрсенбаев бастаған Қоғамдық Кеңес мүшелері судьялыққа кандидаттармен кездесу өткізді. Кездесуге жалпы 38 адам келді, оның 16 судьялық қызметке біліктілік емтиханын тапсырған кандидаттар, біреуі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы әділсот институтының түлегі, қалғаны жоғарғы сатыдағы соттарда судья болуға үміткер судьялар.
Қоғамдық Кеңес мүшелері – прокуратура, адвокаттар алқасы, ІІД, әкімдік, облыстық мәслихат, "Нұр-Отан" халықтық-демократиялық партиясының ҚФ өкілдері, облыс журналистері, отставкадағы судьялар судьялық қызметке үміткерлерді көптеген өлшем бойынша бағалады. Заңнамадағы өзгерістерге қатысты, отбасылық жағдай, еңбек өтілі, жұмыс орыны, балаларының барлығы, сот жүйесінде жұмыс істейтін туыс-туғандарының барлығы туралы сауалдар қойылды.
Жоғарғы Сот судьясы Амангелді Сәрсенбаев және Кеңес мүшелері әр кандидатқа аса қырағы қарап, жеке әңгіме кезінде туындаған кез-келген күмәнді тұсты барынша анықтауға тырысты. Мәселен, "Егер жұмыстан шықсаң не себепті? Неге жұмыс істемейсіз? Неге судья болғыңыз келеді? Отбасыңыз ауданға көшуге келісе ме?" және т.б. Соңғы сұрақ аса маңызды.
Құрметті демалыстағы судья Әлия Рахаделова өзге өңірлерден келген жас судьялар бірер жыл жұмыс істеп, өз еліне қайту үшін қайта конкурсқа қатысатынын тілге тиек етті. Амангелді Сәрсенбаев бұл өзекті мәселеге назар аударуға уәде етті.
Кандидаттармен кездесуде астаналық судья: "Судья болу үшін шыдамдылық пен күнделікті өзіңді шыңдап, оңтайлы тәжірбиені бойға сіңіре білу керек", – деді.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.