Саунада газ баллоны жарылды

Бүгін, таңғы 10-дар шамасында, Қостанай қаласының Карбышев көшесіндегі «Авангард»кешенінің 3-қабатындағы сауна отқа оранды. Өрттің шығуына ғимараттың үшінші қабатында газ баллондарының жарылуы себеп болған. Жалын әуелі үстіңгі қабаттарды шарпып, кейін, санаулы минуттар ішінде, мекемені құшағына алған.Баллондар
Өрт ауқымы 150 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жауды ауыздықтау оңайға түспеді. Себебі кешеннің кіру-шығу есігі біреу-ақ. Оның үстіне, монша салынған материал өте тез жанғыш. Әйткенмен, сағаттар бойы арпалысу нәтижесінде, өртті тұмшалау мүмкін болды.
Дабыл қағылысымен, оқиға орнына 12 өрт сөндіру көлігі жөнелтіліп, 31 адам жұмылдырылды. Өрт сөндіріліп болысымен, ғимараттан 2 газ баллоны тысқа шығарылды.Тілсіз жаудың пайда болуының нақты себептері анықталып жатыр.
 
Жандос Жүсіпбек
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓