Депо басшысы парамен ұсталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының Қостанай жүк тасымал бөлімінің облыстық эксплуатациялық локоматив депосының басшысының пару алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. параОл электровоздың жүргізушісі арқылы жеке тұлғадан аталмыш депоға жұмысқа тұрғызу үшін 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Депо бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Арадағы делдал кінәсін толық мойындауына байланысты тұтқындалмады. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓