Дүниежүзілік қан донорының күні
Бүгін – Дүниежүзілік қан донорының күні. Биыл айтулы күн «Менің өмірімді сақтап қалғаныңыз үшін рахмет» атты ұранмен өтуде. Жыл сайын әлем бойынша кем дегенде 90 миллион доза қан тапсырылады. Бірақ бұл сұранысты толықтай қамтымайды. Көптеген елдерде қан тапшылғы тіпті үлкен проблемаған айналып отыр.
Қостанай облыстық қан орталығы донор күнін кең көлемде атап өтуде. Достық үйінің алаңында қан қабылдаудың мобильді пункттері орналасты. Сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін мейрімділік іс-шарасына қатысам деушілер осында жиналды. Қан тапсырған қостанайлықтарға орталық атынан естелік сылықтар мен сусындар берілді.
Ал кешкі сағат 17.00-де «Март» сауда ойын-сауық орталығының алдында мерекелік концерт өтеді. Жергілікті өнерпаздар донорлар құрметіне ән шашуларын тарту етпек. Айта кетейік, «Құрметті донор» төс белгісіп тағып келгендер үшін Қостанай облыстық қан орталығының арнайы сыйлығына ие болады.
Махаббат Бекбай