COVID-19: +42
27 маусымда Қостанай облысында коронавирус 42 адамнан табылды.
атап айтқанда, Қостанай қ. – 22, Рудный қ. – 8, Әулиекөл ауданы – 3, Қарабалық ауданы – 3, Жітіқара қаласы және Сарыкөл ауданында 2 адамнан, Жангелдин және Ұзынкөл аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 35 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 27 маусым аралығында COVID-19-ды 16691 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 16121.