Жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілі
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілі. ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «WhatsApp» мессенджерінде жеке нөмірін тіркеді.
Енді азаматтарға өз ұсыныстары айтуға, көкейдегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік туды. Сонымен қатар жемқорлық деректері туралы хабарлауға болады. «WhatsApp» +7-707-122-1494 нөміріне қосылған.
Естеріңізге салсақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің 1494 контакт-ораталығы қызмет көрсетеді және 1494.kz ақпараттық порталы бар. Азаматтар өз қалауына қарай хабарласу тәсілін таңдап, қажетті ақпарат алып, шағымдарын жеткізе алады.